ТРАВМАТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында барлық медициналық ұйымдардың травматолог мамандарының қатысуымен «Политравма. Емдеудің заманауи аспектілері» тақырыбында семинар өтті. Алғы сөз алған аурухананың Құрметті директоры, сала ардагері Тұрғанбай Маханұлы және травматолог-дәрігер, штаттан тыс бас травматолог Тажигулов Еркебұлан Жұбандықұлы травматологиялық және ортопедиялық көмекті дамытудың маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шараны «Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын орындау мақсатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды.
«Көптікжарақат. Этиопатогенезі. Жіктелуі» тақырыбында Көпбейінді облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Қамбаров Дастан Талғатұлы баяндаса, «Ауруханаға дейінгі кезеңдегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Иммобилизация. Жарақаттанған науқастарды тасымалдау (транспортировка)» тақырыбында Облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасының жедел-жәрдем дәрігері Уразов Азамат Сартайұлы бөлісті.
"Көптеген сынықтарды емдеудің заманауи аспектілері (политравма). Сыртқы бекіту құрылғысы» тақырыбында Көпбейінді қалалық ауруханасының травматолог дәрігері Сайфулла Әли Сайфуллаұлы баяндады.
Сонымен қатар «Аяқ-қолдардың ашық жарақаттары. Аяқ-қол сіңірлерінің зақымдануы. Хирургиялық емдеудің заманауи аспектілері» тақырыбында Көпбейінді облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Рахман Нұрман,
«Балалар травматологиясындағы көптеген сынықтардағы шок ағымының ерекшеліктері және емдеу тактикасы» тақырыбында Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының балалар травматолог дәрігері Ыдырыс Дәуіржан Ыдырысұлы баяндама жасап өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін бірнеше маманға Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Динара Сардарбекқызы басқарма басшысының Алғыс хатын табыс етті.