​ТӨРТЖҮЗДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Көпбейінді облыстық ауруханада өткен «Ашық есік» күнінде тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтер көрсетілді. Барлығы 156 адам келіп, олар 448 рет медициналық қызметке жүгінген. Ультра дыбыстық зерттеуге 43 адам жазылып, олар 79 рет түрлі ағзаларын тексерткен. ЭКГ-28, УЗДГ-24 науқас тексерілген.

Терапевт- 43, кардиолог -26, невропатолог -31, офтальмолог- 33, гастроэнтеролог-32, эндокринолог -29, травматолог-17, нейрохирург-14, ревматолог-18, рентгенолог-3, уролог-4, проктолог-9, нефролог-10, аритмолог -7, аллерголог-6, ангихирург -11, пульмонолог-2, гинеколог -18, хирург -4 облыс тұрғыны жүгініп, сырқатына сай дәрігер кеңесін алды.

Өз кезегінде тұрғындар Денсаулық сақтау басқармасы мен барша дәрігерлерге алғысын білдірді.