​"THE MAIN TASK IS TO REDUCE MATERNAL AND INFANT MORTALITY”

Today, the head of the Department of Maternal and Child Health of the Ministry of Health, Embergenova Magripa Khamitovna, arrived in our city on a working visit. The multidisciplinary regional hospital took part in the opening ceremony of perinatal departments, got acquainted with the work of departments.

“Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Президентінің тапсырмасына сәйкес, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы Үкімет қарауына енгізілген. Аталған тұжырымдамада Қызылорда облысында балалар ауруханасы мен перинаталды орталық салу бар. Үкімет жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар жүзеге асыруда” деді Мағрипа Хамитқызы.

Жиында Мағрипа Хамитқызы, бүгінгі ашылып отырған перинаталды бөлімшенің облыс тұрғындарына маңызы зор, міндеті күрделі екенін айтып, медицина саласына, әсіресе ана мен бала денсаулығына көңіл бөліп, қаражат бөліп халыққа жағдай жасап жатқаны үшін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Денсаулық сақтау министрлігі атынан алғысын білдірді.

Босану бөліміндегі аналардың жағдайымен атынсып, Неонотальді блок жұмысымен көрді. Онда мерзімінен бұрын шала туған және күні жеткен нәрестелерге қарқынды ем көрсетіледі. Жаңа технологиялармен жабдықталған блок қызметіне жоғары баға беріп, мамандар қызметіне сәттідік тіледі.

“Негізгі міндет – ана мен нәресте өлімін төмендету. Бұл көрсеткіштер жалпы алғанда елдің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Соңғы 15 жылда ана мен нәресте өлімі үш есеге азайды. Бұл тиімді технологияларды енгізудің және заманауи құрал – жабдықтармен қамтамасыз етудің, перинаталдық орталықтардың ашылуының арқасында мүмкін болды” деді ол.

Қызылорда облысында 2023 жылы ана өлімі 6 есе, нәрестелер өлімі 16%-ға төмендеп, межелі индикаторға қол жеткізді.

Акушерлік көмек көрсету – шұғыл медициналық көмекті жиі қажет ететін сала болып табылады. Қазіргі таңда әйелдердің 35 жастан жоғары жүкті болуы белең алуда. Әр түрлі ауыр патологиясы бар жүкті әйелдерге дер кезінде акушер-гинекологтармен қатар барлық бейінді мамандардың ат салысып, көмек көрсетуі арқасында жүкті әйелдердің өмірін сақтап қалумен қатар, өмір сүру сапасы да артпақ. Бұл тек көп салалы медициналық орталықтардың мамандары мен заманауи медициналық құрал – жабдықтарын (КТ, МРТ, Ангиограф, ЭКМО) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.