​РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Көпбейінді облыстық ауруханада «Глаукоманы заманауи тәсілімен емдеу менеджменті» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинар Денсаулық сақтау министрлігінің «Халықтың нысаналы топтары профилактикалық-медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №361 және «Қазақстан Республикасында офтольмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» №168 бұйрықтарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарда «Облыстың офтальмология саласы бойынша жұмысы» тақырыбында штаттан тыс бас офтальмолог, көпбейінді облыстық аурухананың офтальмохирургия орталығының жетекшісі Шильманов Сакен Бабаомарұлы баяндама жасады.

Ал «Глаукома: диагностика, емдеу, бақылау» тақырыбында Қазақ көз аурулар Ғылыми зерттеу институтының директоры Алдашева Нэйля Ахметқызы «Облыста витреоретиналды хирургияны енгізу жолдары» туралы Қазақ көз аурулары ҒЗИ Шымкент филиалының директоры Ботабеков Рустем Махамадалиұлы тарқатып айтты.

Сонымен қатар, «Глаукомада қолданылатын препараттардың комбинациясы» жөнінде Алматы қаласының офтальмолог маманы Исанова Сауле Өмірсерікқызы баяндама жасады.

Семинарға қатысқан дәрігерлер сұрақтарын қойып, білікті мамандардан жауап алды. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында мұндай семинар өткізу алдағы уақытта да жалғасын таппақ.