​Қазанның 2-сі – Дүниежүзілік уролог күні

Уролог дәрігерлердің құзыретіне бүйрек, қуық қабынуы, несеп тас ауруы, қуықасты безінің ісігі, бүйрек ісігі, бүйрек кистасы, бүйрек-несеп жүйесінде кездесетін аурулар, бүйрек үсті бездерінің және де басқа патологияларды емдеу жатады. Урология осы топтағы аурулардың себептерін, оларды емдеу мен алдын алу әдістерін зерттейді және хирургия, гинекология, нефрология, венерологиямен тығыз байланысты.

Көпбейінді облыстық ауруханада бұл қызметті бір топ білікті урологтар жемісті атқаруда. Өз ісінің нағыз майталмандары науқастардың дертінен айығып кетуіне зор үлестерін қосуда. Түрлі оталар жасап, жаңашылдыққа қадам басуда.

Уролог әріптестеріміз “Урология” бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Валишаев Исмуакмат Жаркенұлы, бөлімше дәрігерлері Искаков Еркін Қонысұлы, Жошкунов Рашид Бетасович, Ержанов Еркін Гажданбекұлы, Достауров Жасұлан Жұмабекұлын бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, жұмыста табыс, отбасыларына амандық, мол бақыт тілейміз