​ҚАНТ ДИАБЕТІ МЕКТЕБІНДЕ ДӘРІС ӨТТІ

14 қараша – Эндокринолог күні және Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні.

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай Көпбейінді облыстық ауруханада «Omron» компаниясының медициналық өкілдерімен бірлесіп, қант диабеті диагнозы қойылған пациенттерге арналған білім беру-ақпараттық конференция және Қант диабеті мектебі өтті.

Шараның тақырыбы: «Қант диабеті және оның асқынулары: ретинальды ангиопатия (ретинопатия) мен диабеттік аяқ синдромының алдын алу және ерте диагностикалаудың өзекті мәселелері. Диетотерапия: дұрыс тамақтану және тамақтану тәртібін түзету принциптері. Өзін-өзі бақылау практикасы: "Omron" компаниясының медициналық өкілдерімен бірлесіп глюкометр көмегімен қандағы қантты өлшеу техникасын пысықтау.»

Іс-шараның мақсаты — пациенттердің қант диабеті туралы хабардарлығын арттыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту және диабеттік асқынулардың алдын алу жөнінде білім беру.

Білікті мамандар емалушыларға қант диабеті асқынуларының алдын алу бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өтті. Қант диабеті кезінде дұрыс тамақтану мәселелері талқыланды. Omron глюкометрі арқылы қандағы глюкоза деңгейін өлшеу техникасын көрсетті. «Omron» компаниясы емалушыларға глюкометр аппаратын сыйға тартты. Қатысушыларға көрнекі материалдар, брошюралар мен буклеттер таратылды.