ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ
14 қараша – Халықаралық логопед күні
Көпбейінді облыстық аурухананың дефектология саласында қажырлы еңбек етіп, талай жанның сөйлеу қабілетін қалпына келтіруге үлес қосып жүрген білікті мамандарды ерекше құрметпен атап өтеміз.
Сіздердің шыдамдылықтарыңыз, кәсіби біліктіліктеріңіз және адам жанына жанашырлықпен қарайтын жүректеріңіз – науқастар үшін үлкен үміт пен сенімнің қайнар көзі.
Логопед мамандар:
Бекшеева Индира Айкожаевна – инсульт бөлімшесінің логопед маманы,
Балымбетова Зухра Қайырлақызы – инсульт бөлімшесінің логопед маманы,
Абдугафарова Закира Михаиловна – қалпына келтіру №2 бөлімшесінің логопед маманы.
Әрқайсыңызға денсаулық, кәсіби өрлеу, еңбектеріңіздің жемісін көретін қуанышты күндер тілейміз.
Сөйлеу арқылы өмірге қайта қадам басуға көмектесіп жүрген еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық!
Мерекелеріңіз құтты болсын!







