ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Көпбейінді облыстық ауруханада Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен “Дәрігер тәжірибесіндегі кардиоренометаболикалық континум” тақырыбында кардиолог, эндокринолог және нефролог мамандарға арналған семинар өтті. Семинар ҚР қанайналым жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы аясында ұйымдастырылды.
Онда Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының кардиолог-дәрігері облыстың созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша үйлестірушісі Алия Мырзабаева «Коморбидті патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету кезеңдері», Көпбейінді облыстық аурухананың кардиология №1 бөлімшесінің меңгерушісі, басқарманың штаттан тыс бас кардиологі Гүлназ Жүнісова «Жүрек жеткіліксіздігі бар науқастың клиникалық талдауы» тақырыбында баяндамалар жасады.
Ал Көпбейінді облыстық аурухананың терапия №1 бөлімшесінің меңгерушісі, басқарманың штаттан тыс бас эндокринологі Елена Цхай «Кардио-ренальный континуум: место НГЛТ -2 в профилактике и терапии ХСН И ХБП», нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Лиза Нұрсұлтанова «EMPA-KIDNEY-исследование кардио и нефропротекции при использовании эмпаглифлозина» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Дәріске облыстық медицина ұйымдарының мамандары қатысып, пікір алмасты.