МЕЙІРГЕРЛЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні
Мейіргерлер – денсаулық сақтау саласының білікті мамандары. Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға аурухана ұжымы қатысты.
Салтанатты жиында сала ардагері, жоғары санатты хирург Абдулла Сыздықұлы әріптестеріне жылы лебізін білдірді. Аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұзақ жылдық еңбегімен көзге түскен бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табыс етті.
Іс-шара мейіргерлерге арналған шағын концерттік бағдарламамен жалғасты. Адам жанының арашасы болып жүрген барша ақ халатты абзал жандарды мерекелерімен құттықтаймыз!