КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Травматолог дәрігер мамандығы - бұл зейінді, тез және аса жауапты шешім қабылдауды, жоғары біліктілік пен тәжірибені талап ететін нағыз мамандық. Көбінесе пациенттің денсаулығы ғана емес, оның өмірі де мамандардың біліктілігіне байланысты.
Бүгінгі таңда ауруханада 10 травматолог жұмыс істейді, олар өткен 2024 жылы 1307 пациентке медициналық көмек көрсетті.
Барша аурухананың травматолог дәрігерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, қажымас қайрат, күш-жігер тілейміз!