ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті жерлестер, сала ардагерлері!
Сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел қорғаған батыр бабаларымыздың ерен ерлігі ел жүрегінде мәңгі сақталады. Майдангерлермен тыл ардагерлері қайтпас қайсарлық пен қаһармандық үлгісі. Отанға деген сүйіспеншілік пен адал еңбек бойынан табылған әрбір «Ер есімі — ел есінде». Бабалардың Отансүйгіштігі қашанда бізге үлге, құрметіміз шексіз.
Бейбіт күнде дүниеге келген ұрпақтың болашағы жарқын болсын! Мерекеде елімізге тыныштық, баршаңызға зор денсаулық, жақындарыңызға амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен: Жасұлан БАЙМАХАНОВ, Көпбейінді облыстық аурухана директоры