​БІЛІКТІ ХИРУРГТАР КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

«Жоғары технологиялық медициналық қызмет» (ВТМУ) түріне кіретін отаны көпбейінді облыстық аурухананың білікті дәрігерлері еңгізіп сәтті жасап шықты.

1983 жыл туылған науқасқа үлкен емізікше ісігіне аса күрделі отасы жасалды. Ота «Гастропанкреатодуоденалды резекция. D2 лимфодиссекциясы».

Бұл отаға аурухана директоры, білікті хирург Жасұлан Баймаханов, ассистент: Ербол Серікұлы, Әсет Жалмағанбетов және анестезиолог М. Әбдібақиев қатысты. Ота мейіргері А. Бекқожа.

Науқастың отадан кейінгі жағдайы тұрақталып, ем алуда.