БАУЫРДАН ЭХИНОКОКТЫ КИСТАЛАР АЛДЫ
Ауруханамызға түскен 1979 жылы туылған науқасқа дәрігерлер “Эхинококкоз ауруы. Бауырдың оң бөлігінің эхинококты кисталары” диагнозын қойды. Ультрадыбыстық зерттеу де бауырдағы 7, 8 см кисталар барын көрсеткен.
Біздің білікті хирургтар ота жасады. “Федоров бойынша лапаротомия. Бауырдың идеалды эхинококэктомиясы, перицистэктомиясы. Оң диафрагма асты кеңістігін дренаждау. Макропрепарат: экинококты кисталар.”
Бұл отаны аурухана директорының хирургия саласы жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы, көмекшісі хирургия №1 бөлімінің меңгерушісі Әсет Жалмағанбетов, резидент дәрігер Б.Сейтбаев, анестезиолог Н.Сапарбек және ота мейіргері М.Таған жасады.
Бауырдан киста алдырған науқас толық айығып үйіне шықты