ӘРІПТЕСІМІЗ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысының әкімдігінде «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды іс-шарада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Көпбейінді облыстық аурухананың орталықтындырылған залалсыздандыру бөлімінің аға мейіргері Шегенбаева Гулмира Жолайқызы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Гүлмира Жолайқызын төсбелгі алуымен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына шаттық тілейміз!