​14 ҚАРАША - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛОГОПЕД КҮНІ

Көпбейінді облыстық ауруханада науқастарды оңалту және қалпына келтіру жұмыстары жолға қойылған. Әсіресе оңалту кезінде логопед мамандардың қызметі ұйымдастырылады. Олар науқаста тіл мүкістігін түзетіп, әрбір әріпті дұрыс дыбыстауға және нық сөйлеуге үйретуде қажырлы еңбек етеді.

Логопед — патологиялар нәтижесінде сөйлеуін жоғалтқан адамдарға қажет: бас миының жарақаты; нейроинфекция; ми ісігі; миға жасалған ота; инсульт. Кейде осы аурулардың нәтижесінде адам үйлесімді, жартылай немесе толық сөйлеу қабілетінен айырылады. Сөйлеуді қалпына келтіру, сол арқылы науқастың коммуникативті дағдылары мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. Науқастың дұрыс сөйлеуі үшін бет бұлшықеттері, тыныс алу, ми аймағы толық қатысады. Ми зақымдалған кезде сөйлеу жоғалып кетуі мүмкін. Сөйлеуді қалпына келтіру ұзақ процесс, - дейді Инсульт бөлімшесінің логопеді Индира Бекшеева.

Негізгі кәсіби іс-әрекеті: бастапқы нейропсихологиялық тексеру жүргізу;

сөйлеу, жазу, жұтыну бұзылыстарын анықтау үшін диагностикалық әдістерді қолдану;

бұрынғы ауруын және науқастың денсаулығының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оңалту бағдарламасын әзірлеу;

массаж әдістерін қолдана отырып, логопедиялық сабақтар өткізу;

сөйлеу аппаратын түзетуге дайындау;

дұрыс сөйлеу тыныс алу әдістерін қолдану;

сөйлеу аппаратының бұлшықеттеріне (тіл, ерін, жақ) жаттығулар кешенін таңдау;

терапия нәтижелерін бақылау және талдау.

Бүгінгі кәсіби мерекелерінде Инсульт бөлімшесінің логопедттері - Бекшеева Индира Айқожақызын, Балымбетова Зухра Қайырлақызын және №1 Қалпына келтіру және оңалту бөлімшесінің логопеді Сапарбаева Парасат Ғалымжанқызы, №2 Қалпына келтіру және оңалту бөлімшесінің логопеді Абдугафарова Закира Михаиловнаны құттықтаймыз!