​МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған басқарма, департамент, құқық қорғау органдарының басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлттық мерекеде Сыр медицинасының дамуына қосқан қажырлы еңбегі үшін Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлына Мемлекеттік «Құрмет» наградасы табысталды. Бұл аймақ басшысының Сыр медицинасының дамуына берген жоғары баға.

Салтанатты шарада Көпбейінді облыстық аурухананың Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мантаев Бекет Тайшыбекұлы мен аурухананың бас мейіргері Сақтағанова Айткүл Раушанбекқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Әріптестеріміздің Ұлттық мерекеде мерейлері үстем болғанына қуаныштымыз! Марапаттарыңыз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, қызметтеріңізге табыс тілейміз!