Кеңес қылған ел азбас

Бүгін «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Басқармасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург Баймаханов Болатбек Бимендеұлы көпбейінді облыстық ауруханасының емделушілеріне кеңес берді.

Тәжірибелі дәрігер бауыр, асқазан, өт шығару жолдары, ішек ауруларына шалдыққан науқастарға кеңес берді. Алдымен ол №1, 2 хирургия бөлімдерінде емделіп жатқан науқастарды аралап хәлдерін біліп қайтты. Қызылордалықтар Алматы қаласынан келген тәжірибелі маманның құнды кеңестерін 29 науқас алды.