ЖЕТПІСКЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Көпбейінді облыстық ауруханада «Ашық есік» күні өтті. Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Ашық есік» күніне барлығы 64 облыс тұрғыны келіп, дәрігерлерге қаралды.
Олардың 12-сі кардиологке, 15-і окулистке, 11- і эндокринологке, 7-еуі нейрохирургке, 16-сы терапевтке, 4 адам тамыр хирургіне, ал 6 жан урологке, 7-еуі нефрологке- неврапатолог-12, гинеколог-2, оториноларинголог-дәрігерге -4, пульмонолог-4, гастроэнтеролог-8, аллерголог-1, травматолог-7, хирург-4, ревматолог-4, проктолог-1 адам өз сырқаты бойынша жүгінді.
Ультрадыбыстық зерттеуден 25 адам өтсе, 4 адам ренгенге түскен, электрокардиогра́фия қызметін 9 адам алды. Осылайша Көпбейінді облыстық аурухананың медицина қызметкерлері сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетті.
«Ашық есік» күні 10 мамыр күні сағат 8:00 мен 13:00-ге дейін тағы да ұйымдастырылады.
Мекен-жайы: Н.Назарбаев даңғылы Көпбейінді облыстық аурухананың Кеңес беру бөлімі.