​ЕЛ БІРЛІГІ — БЕЙБІТШІЛІК НЕГІЗІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн бейбітшілік пен келісімнің, өзара түсіністік пен достықтың нышаны. Көпұлтты еліміздің ынтымағы мен татулығы – тәуелсіздігіміздің негізі. Еліміздің көк байрағы астында бейбіт өмір сүріп жатқан әрбір азаматқа амандық, шаңырағына шаттық пен бақ-береке тілеймін!

Бірлігіміз бекем болсын!

Ізгі ниетпен: Жасұлан БАЙМАХАНОВ,

Көпбейінді облыстық аурухана директоры