​Дүниежүзілік гастроэнтерологтар күні құтты болсын!

Адам денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша гастроэнтеролог мамандарға шынайы алғыс білдіреміз. Сіздердің білімдеріңіз бен мейірімдеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз талай жанға үміт сыйлап, саулыққа бастайды.

Еңбектеріңіздің жемісін көріп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Мықты денсаулық, таусылмас күш-қуат, кәсіби табыс пен отбасы амандығын тілейміз!