ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯСЫН СӘТТІ ҚОРҒАДЫ
Көпбейінді облыстық аурухананың жоғары санатты дәрігер-нефрологі, «Денсаулық сақтау үздігі» Нұрсұлтанова Лиза Нариманқызын докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!
Лиза Нариманқызы медицина оның ішінде нефрология саласында 40 жылға жуық жемісті еңбек етіп келеді. Аурухананың Нефрология бөлімінде жиырма бес жыл басшылық етті. Өзінің табанды еңбегімен облыстың бас штаттан тыс нефрологы болды. Аймақтағы нефрология қызметтің дамуына және созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға елеулі үлес қосты.
Білікті дәрігер С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Қызылорда облысында созылмалы бүйрек ауруларының (ҚҚСД) таралуы және бүйрек жеткіліксіздігінің өршуінің қауіп факторлары» тақырыбында докторлық дисертациясын сәтті қорғады. Ғылыми кеңесші — медицина ғылымдарының докторы, профессор Кабулбаев Қайрат Абдуллаұлы.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) атанды.
Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми алаңдарда ұсынылған және практикалық денсаулық сақтау саласына енгізілуде.
Кәсібилік, талапшылдық, пациенттерге адалдық — құрметке лайық қасиеттер. Бұл жай ғана ресми жетістік емес. Лиза Нариманқызының көпжылдық еңбегінің, кәсібіне деген адалдық пен жоғары кәсіби жауапкершіліктің, ғылым жолындағы ізденісінің нәтижесі.
Әріптесімізді ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, шаңырағыңызға шаттық, қызметіңізге кәсіби биіктер тілейміз!







