ДӘРІГЕРЛЕР ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ЕМДЕДІ
Көпбейінді облыстық аурухананың “Жансақтау және жаңа туған нәрестелер патологиясы” бөлімшесіне жыл басынан бері 226 нәресте түсті. Олардың ішінде 10 егіз нәресте, шала туылғаны 51, мерзімінде туылған 175 нәресте ем қабылдады. 1000 граммнан төмен салмақтағы 5 нәресте ұзақ мерзімді ем алып үйіне шығарылды.