БІЗДІҢ БІЛІКТІ МАМАНДАР
29-мамыр бүкіл әлемдік Гастроэнтеролог күні
Гастроэнтеролог — бұл асқазан-ішек жолын, өт қабы мен бауырды диагностикалайтын және емдейтін дәрігер. Көпбейінді облыстық ауруханада емдеудің ең прогресшіл және тиімді әдістерін пайдаланушы, жоғары кәсіпті біліктілігі бар мамандар жұмыс істейді. Олар Терапия №2 бөлімшесінің гастроэнтеролог дәрігері Рабатова Гүлжанар Ондасынқызы және Кеңес беру диагностикалық бөлімшесінің гастроэнтеролог дәрігері Ділдабаева Мөлдір Сұлтанбекқызы. Өз кәсібінің нағыз майталмандары өткен жылы 336 науқасты емдесе, биыл 4 айда 132 сырқат жанның айығып кетуіне себепкер болған.
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, қызметтеріне сәттілік тілейміз!