​БАЛАЛАРҒА ТЕАТРҒА БИЛЕТ ТАРАТЫЛДЫ

1- маусым Балаларды қорғау күні

Көпбейінді облыстық аурухана қызметкерлерінің балаларына Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрына 315 билет таратылды. Медицина қызметкерлерінің балалары Х.К.Андерсеннің «Ұсқынсыз Үйрек» Қуыршақ Қойылымын тамашалайды.

Бұл қойылымда кішкентай көрермендер құстар әлеміне саяхат жасайды. Ол жақта келеңсіз оқиға орын алды. Бір үйректің балапаны ерекше болып туылыпты. Құс қорадағы еш бір балапанға ұқсамайды. Басқалары оны қатарына қоспай, «Ұсқынсыз» деп мазақтайды. Өзін сүйкімсіз санаған балапанның басынан не бір шытырман оқиғалар өтеді. Ақыр соңында, шындық ашылып, барлығы өз орнына орнайды.

«Ұсқынсыз» балапанның тағдыры кішкентай көрерменді бей-жәй қалдырмайтыны анық.

БАЛАЛАР ӘРКЕЗ ШАТТЫҚҚА КЕНЕЛСІН!!!