«АТЕРОСКЛЕРОЗ МЕКТЕБІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Көпбейінді облыстық ауруханада «Қазақстан Республикасында қанайналым жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру» жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған Жол картасы аясында «Атеросклероз мектебі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны Қазақстандық атеросклероз қоғамы республикалық қоғамдық бірлестігі мен Денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға облыс бойынша барлық медициналық ұйымдардың кардиолог-дәрігерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер және дислипидемия кабинетіне жауапты мамандар қатысты. Қатысушылар Қали Ақнұр Сейітқанқызы мен Тлеубаева Дана Мұратқызының дәрісін тыңдап, тәжірибе алмасты.







