​АНА СҮТІ – СӘБИ ҮШІН ЕҢ ҚҰНДЫ ҚОРЕК!

Ана сүті – нәрестенің дұрыс өсіп-жетілуіне қажетті барлық қоректік заттарға бай табиғи тағам.

Ана сүтінің пайдасы: Иммунитетті күшейтеді, Инфекциялық аурулардан қорғайды, Ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, Ми мен жүйке жүйесінің дамуын қолдайды, Ана мен сәби арасындағы ерекше байланысты нығайтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады: Алғашқы 6 айда – тек ана сүтімен қоректендіру. 6 айдан кейін – қосымша тағаммен бірге 2 жасқа дейін немесе одан да ұзақ емізуді жалғастыру.

Ана сүті – бұл тек тағам емес, ол сәбиіңізге деген махаббат, қамқорлық және өмір бойғы денсаулықтың берік негізі.

Дені сау сәби – бақытты отбасының бақыты!