​1–7 тамыз аралығында бүкіл әлемде Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы өтеді.

1–7 тамыз аралығында бүкіл әлемде Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы өтеді.

Бұл – ана сүтімен қоректендірудің баланың денсаулығы мен амандығы үшін маңызын және әрбір емізетін ананы қолдаудың қажеттілігін еске салуға арналған жыл сайынғы халықаралық науқан.

Сәтті емізудің маңызды шарттарының бірі – дұрыс әрі ыңғайлы қалып. Емізу кезінде анаға да, нәрестеге де жайлы болуы өте маңызды. Бұл баланы емшекке дұрыс салуға, емізу үдерісінің тиімді әрі жайлы өтуіне ықпал етеді.

Жаңа бейнеролигімізді көріп, ана сүтімен қоректендірудің дұрыс ұйымдастырылғанын тексеріңіз.

Бұл материал «Балаға мейірімді аурухана» бастамасы аясында жүзеге асырылатын «Ауруханада ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру» жобасы шеңберінде дайындалды. Жоба Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының (ЕТДҚ) қаржылық қолдауымен іске асырылуда.