​1–7 тамыз — Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы қорытындыланды!

1–7 тамыз — Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы қорытындыланды!

Көпбейінді облыстық ауруханада апталық аясында ұйымдастырылған маңызды шаралар өз мәресіне жетті.

Басты мақсат:

• Ана сүтінің бала ағзасы үшін бірегей пайдасын түсіндіру

• Жас аналарға дұрыс емізу мен күтім бойынша кәсіби кеңес беру

• Денді ұрпақ қалыптастыруға ықпал ету

Ана сүті — перзентке деген махаббаттың, қамқорлық пен жылулықтың белгісі. Бұл — сәбидің саулығы мен болашағы үшін табиғаттың өзі тарту еткен бірегей ем.

Ана сүті — тек азық қана емес, ол — әрбір сәбиге өмірдің алғашқы сәттерінен берілетін шексіз махаббат пен жылулық, ақ тілек пен қамқорлықтың нышаны.

Ана жүрегінің лүпілімен, мейірімімен берілетін бұл табиғи асыл қазына — сәбидің дені сау, иммунитеті мықты болып өсуінің сенімді іргетасы.

Осы маңызды апталық аясында ауруханамызда сапалы кеңестер беріліп, жас аналарға бағыт-бағдар көрсететін мазмұнды шаралар өтті:

Табиғи емізудің бала денсаулығы мен психологиясына әсері түсіндірілді;

Жас аналарға дұрыс тамақтандыру мен сәби күтімі бойынша кәсіби қолдау көрсетілді;

Ана мен бала арасындағы рухани тығыз байланысты нығайтудың маңызы айтылды.

Сәбидің мөлдір күлкісі мен деңгейлі денсаулығы — әрбір отбасының бақыты.

Дені сау ұрпақ — ел болашағы. Сәбилеріңіздің күлкісі сыңғырлап, бақытты балалық шақ кешсін!