​ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

25-қазан «Республика күні» Ұлттық мерекеге орай медицина қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті. Шарада Мемлекеттік Гимн шырқалып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы мен басқарма басшысы Искаков Олжас Ермекұлы медицина қызметкерлерін құттықтап, марапаттар табыс етті. Салтанатты жиында көпбейінді облыстық аурухананың бір топ білікті мамандары да марапат төрінен көрінді.

«Еңбек ардагері» медалімен Нурымбетова Сабира - физиотерапия бөлімшесінің дәрігер реабилитологі марапатталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен Абишев Галымжан Алимханович- кардиология №1 бөлімшесінің кардиолог дәрігері, Сактаганова Айткуль Раушанбековна - кардиореанимация бөлімшесінің аға мейіргері марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісін ақылы бөлімшенің терапевт дәрігері Жубаниязова Карлыгаш Колганатовна иеленді.

Қызылорда облысы әкімінің Алғысымен нейроинсульт бөлімшесінің невролог, анестезиолог-реаниматолог дәрігері Қалекеев Рахымжан Нұрланұлы марапатталды.

Барша әріптестерімізді

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!