РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстандағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) елдік кеңсесімен бірлесіп «2022 -2027 жылдарға арналған инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы, жоспарының шенберінде» өңірлерде инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылаудың озық тәжірибелерін енгізу үшін Көпбейінді облыстық ауруханада 9-10 қырқүйек аралығында бастапқы бағалау жүргізді.

Аталған ұйымның білікті мамандары әдістемілік көмек көрсетіліп, аурухананың дәрігерлерімен қаланың медициналық ұйымдарының эпидемиологтарына семинар өтті.

Семинарда "Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі компоненттер және жұқтыру жолдарына байланысты инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі шаралар" тақырыбында және "Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуге және микробқа қарсы препараттарды қолдануға байланысты инфекциялардың бір мезгілде таралуын Ұлттық зерттеу нәтижелері" тақырыптарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының консультанты Екатерина Сояк баяндады.

Ал "Стандартты сақтық шаралары" тақырыбында Қазақстандағы ПИИК ұлттық үйлестірушісі, ҰТО, жоғары санатты эпидемиолог дәрігер, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Гаухар Өнерханқызы баяндама жасады.

Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында мазмұнды семинарлар алдағы уақытта да өтетін болады.