ҚАЗАННЫҢ 29-Ы – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКА ДӘРІГЕРІ КҮНІ.

Бүгінгі таңда медицинада диагноз қоюда небір диагностикалық құрыл­ғылар, жаңа технологиялар бар десек, соның бірі – ультрадыбыстық зерттеу, яғни УДЗ (УЗИ). УДЗ – диагноз қою мен емдеу әдісін таңдауда өте маңызды рөл атқарады. Бұл жоғары деңгейде ақпарат беретін және қауіпсіз зерттеу әдісі.

Көпбейінді облыстық ауруханада бұл зерттеулерді жүргізетін бір топ білікті мамандар қызмет атқарады.

Алмасбекқызы Зухра - инсульт бөлімшесінің УДЗ дәрігері,

Бикинеева Гюзель Якубовна - кеңес беру, диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері,

Есмаганбетова Роза Аймаганбетовна - кеңес беру, диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері,

Алмухамбетова Куралай Мирамбековна - кеңес беру, диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері,

Атырауова Зайда Кендебайқызы - кеңес беру, диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері,

Сыздықова Гүлсұлу Бейсенғалиқызы - кеңес беру, диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері,

Ауезбеков Мухтар Айдарович – қабылдау бөлімшесінің УДЗ дәрігері,

Махамбетова Айгуль Султанбековна – кардиология №1 бөлімшесінің УДЗ дәрігері

Тұрмағанбетова Ақмарал Әмірханқызы - кеңес беру, диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері, функционалист дәрігері.

Жыл сайын 29 қазанда ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекелерін - Дүниежүзілік Ультрадыбыстық диагностика дәрігері күнін атап өтеді.

Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтап, толайым табыс тілейміз!