Облыстық семинар

Облыстағы босандыру ұйымдарының акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог мамандарының біліктілігін арттыру және консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 27-30 қараша аралығында көп бейінді облыстық ауруханасында «Реаниматология мен интенсивті терапия, оның ішінде, акушериядағы өзекті мәселелер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас реаниматологы, профессор Ағзам Шаймарданұлы Жумадиловпен көшпелі семинар өтуде.