​МЕЙІРГЕРЛЕР АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Көпбейінді облыстық ауруханада екі күн «Медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік» атты аймақтық мейіргерлерді оқыту семинары өтті.

Семинарды Денсаулық сақтау басқармасы мен «Мейіргер ісі мамандарының Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі бірге ұйымдастырды. Оған аймақтағы бас мейіргерлер, аға мейіргерлер, бас акушерлер, аға акушерлер, инфекциялық бақылау мейіргерлері, эпидемиолог көмекшілері, неонаталдық мейіргерлері қатысты.

Мейіргер ісі мамандарын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК –ның инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау Ұлттық орталығының үйлестірушісі, бас маманы, эпидемиолог, гигиенист, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Агажаева Гаухар Өнерханқызы оқытты.

Облыстағы мейіргерлердің біліктілігін арттыру алдағы уақытта да жалғасын таппақ.