​ЛАТВИЯ МЕМЛЕКЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвия мемлекетіндегі Рига медициналық колледжімен Евроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойған. Меморандум аясында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Жасұлан Баймаханов және колледжіміздің директоры Жанар Қалмақова Латвия елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Делегация өкілдері Конференцияда баяндама жасап, іс-сапар барысында медициналық білім мен тәжірибе алмасу мақсатында Латвияның емдеу мекемелерінің жұмысымен танысты.