НЕЙРОИНСУЛЬТ БӨЛІМШЕСІ
Баешов Рустем Абдимауленович
Бөлімше меңгерушісі
Бірінші санатты дәрігер
Нейроинсульт бөлімшесі 2012 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс жасауда. Қызылорда облысы және қалалар бойынша бөлімше тәулік бойы жедел көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Бөлімше 2 қабатта F блогында орналасқан, 50 төсек орынға 18 палаталарға есептелген, оның ішінде 6 ПИТ палатасы бар. Бөлімше толық мамандырылған. Көп бейінді облыстық ауруханасының нейроинсульт бөлімшесінде жедел бас ми қан айналымының бұзылысы бар науқастар ем қабылдайды.
Инсульт (лат.insulto – шабамын, секіремін) – 24 сағаттан артық созылатын немесе кісі өліміне әкелетін, ми функцияларының кенеттен жоғалуымен немесе бұзылуымен сипатталатын, мидың күшті тамыр патологиясымен себепші болған аурулар тобын ұсынады. Инсульт – бұл бас миы тамырларының ең қауіпті ауруы. Инсульттың екі түрін ажыратады: геморрагиялық түр бойынша инсульт (қантамырдың жарылуы мен қан құйылу) және ишемиялық түр бойынша инсульт (қантамырдың бітеліп қалуы).
Аурудың даму фоны гипертония, жүрек аурулары, жүрек жеткіліктіліксіздігі, ми атеросклерозы және т.б. болып табылады. Инсульт – бұл кішігірім функционалдық өзгерістерден мидың кері қайтарылмас құрылымдық зақымдануына дейін ілгерілеуші ауру.
Қантамырдың жарылуының геморрагиялық түрі бойынша инсульт кезінде көбінесе жоғары артериялық қысымның себебінен болады, себебі атеросклероз кезінде артерияның қабырғасы жұқарған. Адам басына соққыны, аса қатты бас ауруы мен сіңір тартылуларды бастан кешеді. Ол ес-түсінен айрылуы немесе аурудан айқайлай бастауы мүмкін, көбіне қайта-қайта құсық болады, демі жиі болады, ал беті қызарады. Егер инсульт ми гематомасының пайда болуымен қосылса, адамда сал дамуы мүмкін. Ауру есін жиған кезде гематоманың пайда болу аймағына байланысты келесі бұзушылықтар белгіленеді: сол жақтан – анық көрінген психикалық ауытқулар, оңнан – сөйлеудің бұзылуы (афазия).
Ишемиялық түр бойынша инсульт кезінде симптомдар азырақ дәлірек көрінеді, сондықтан ол қауіптірек. Науқастың мойын мен аяқ бұлшық еттерінің анық зорлануы байқалады. Ол ушыққан және сасқалақтаған көрінеді, бірақ бұнымен қоса бәрі жақсы екенін айтып, сізді сендіртуге тырысады. Бір уақыттан соң ауру ұстауы қайтадан қайталанады, ал белгілері күшейеді, бірақ егер дереу медициналық жәрдем шақырса, адамды құтқаруға және зардаптарынан емдеуге болады.
Қанайналым жүйесінің ауруларының ішінде өлім-жітім көрсеткіші бойынша жедел бас ми қанайналымы бұзылысы жүректің ишемиялық ауруларынан кейінгі екінші орында. Стационарға түскен алғашқы минуттардан бастап жедел бас ми қанайналымы бұзылысы бар науқастарға бөлімше дәрігерлері тарапынан жоғары дәрежелі көмек көрсетіледі. Бөлімше нейрохирургия, цереброваскулярлы патология және нейрореанимация бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Алғашқы күннен науқастарды госпитализациялау көрсетпелерге және қарсы көрсетілімдерге сәйкес жүргізіледі. ҚРДСМ 17 сәуір 2012 жылғы №382 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының тұрғындары инсульт алған жағдайда КОА-ның инсульттік бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасы арқылы жеткізіледі және тромболизис процедурасына көрсетілім бойынша тексеріліп, егерде протокол бойынша тромболизис процедурасын жүргізуді қажет етпесе науқас жедел бас ми қанайналымы бұзылысын емдеу стандартты протокол бойынша Инсульттік бөлімшеде ем қабылдайды. Бөлімше Қызылорда неврологтарының тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып саналады. 2012 жылдан бастап Нейроинсульттік бөлімше жедел бас ми қанайналымы бұзылысы бар науқастарға және цереброваскулярлы тамырларға интеревеционды эндоваскулярлы араласулар арқылы заманауи емдеу әдістерін қолданумен(тромболитикалық терапия жүргізуде) үздіктер қатарына енгізілді және осы күнге дейін үздіктер қатарында. Бөлімшеге түскен науқас кезекші невролог дәрігерімен көріліп, экспертті кеңеспен расталған ҚР ДСМ 17.04.2012 жылғы стандартты протоколы бойынша тексеріледі:
1.Бас миы КТ
2.Рентгенологиялық тексерулер- өкпе рентгенографиясы
3.Мойын омыртқаларының рентгенографиясы 2-кескінді
4.Клиникалық және биохимиялық тексерулер
5.ЭКГ
6.Холтерлік мониторинг АД и ЭКГ
7.Экстрацеребралды тамырларды дуплексті сканерлеу
8.Көрсетілімдер бойынша бас миының МРТ тексерілуі тіндік және тамырлық режимде;
Геморрагиялық инсультпен және церебральді тамырлардың патологиясы бар науқастар нейрохирург маманымен кеңеседі, кейін цереброваскулярлы нейрохирургия орталығының басшысымен бірлесе отырып науқастың әрі қарай консервативті ем алуын жалғастыруы немесе оперативтік араласудың қажеттігі анықталады.Науқастарға тәулік бойына бақылау жүргізіледі. Бөлімшеге түскен барлық науқастар жағдайының дәрежесіне қарамастан, алғашқы күннен бастап қарқынды емдеу палатасына жатқызылады, бұл жақта науқастарға гемодинамика және өміріне маңызды көрсеткіштердің мониторингі тәулік бойына жүргізіліп, персоналдармен бақыланады. ҚР ДСМ экспертті кеңесінің шешіміне сай инсульттік бөлімнің кезекші дәрігері мен орта буын медициналық қызметкердің іс-әрекеті қарастырылған. Инсульттік бөлімнің жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы науқас жағдайының кұрт нашарлауы кезінде қажетті көмекті көрсете білуге септігін тигізеді. Науқас жағдайының қалыпты жағдайға келуі, динамикасының тұрақталуы жағдайында науқас емін жалғастыру үшін нейрореабилитация бөлімшесіне ауыстырылады немесе тұрғылықты мекен жайы бойынша учаскелік дәрігердің бақылауында болу үшін үй жағдайына шығарылады. Бөлімшеден шығу кезінде емделуші:
1.Ауру тарихынан көшірме -өзінің денсаулық жағдайы туралы;
2.Зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар мен екінші реттік инсульттің алдын-алу үшін кеңес;
3.Өрескел жағдайдағы неврологиялық бұзылулары бар науқастарға үй жағдайында күтім көрсету ерекшеліктерімен танысу;
4.Артериалдық қан қысымын бақылау және гипохолестеринді диетаны қолдану;
5.«Инсультті болдырмау шаралары» жазылған парақшалармен танысу;
6.Екіншілікті профилактика үшін қажетті дәрі дәрмектердің тізімі, қолдану дозасы туралы нақты мәлімет алу;
Қызылорда облысы тұрғындары арасында инсульттік жағдайда қандай көмек көрсету керек екендігін, «Инсульттен кейінгі өмір» тақырыптарында облыстық және қалалық газеттерге басылымдар шығарып, телебағдарламалардан арнайы жобалар көрсетілу сынды жұмыстар жүргізілуде. Бөлімше дәрігерлері әрдайым өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында цереброваскулярлы патология сұрақтары бойынша облыстық, республикалық және ұлтаралық конференцияларда докладтар оқиды. С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті және Астана қаласындағы РНЦНХ-мен тығыз байланыста болу арқылы, жедел бас ми қанайналымы бұзылысы бар науқастарға емдеу шараларын жүргізуде жаңа әдістемелер мен ұсыныстар қолдануға септігін тигізіп отыр.
Бөлімше қызметкерлері:
М.Ж.Жусупбекова - невролог дәрігер
Р.Н.Қалекеев - нейрореаниматолог дәрігер
З.Алмасбекқызы - врач УЗИ, допплерография
Қ.М.Ибраев - невролог дәрігер
Е.Ж.Жаңабайұлы - невролог дәрігер
И.Бекшеева - логопед-дефектолог
Л.М.Тулегенова - психолог
З.Қ.Балымбетова - логопед-дефектолог
Бізбен байланысу:
+7(7242) 23-51-50
+7(7242) 23-52-78
+7(7242) 23-51-96
Ішкі нөмірлер: 109,194,246,294
Скачать документы