​ДӘРІГЕРЛЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Облысымызда урологиялық медициналық қызмет қарқынды дамып келеді. Ем алушыларға жоғары мамандандырылған көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық жабдықтар жеткілікті. Білікті мамандардың да ізденісі жоғары. Сөзімізге дәлел, Көп бейінді облыстық ауруханада республикалық лапароскопия және реконструктивтік хирургия бойынша шеберлік сағаты өтті. Мастер класс аясында 6 науқасқа ота жасалды. Бір науқасқа синтетикалық уреталды слинг орнату отасы жасалды. Ал бес науқасқа әйелдердегі стресстік зәр ұстай алмауына байланысты жасалған ота сәтті аяқталды.Ота басынан аяқ еліміздің түпкір-түпкірінен қатысқан барлық дәрігерлерге онлайн көрсетілді. Шеберлік сағатында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Урология бөлімінің меңгерушісі Қасымов Бақтияр Ғалымұлы, Көп бейінді облыстық аурухананың урология бөлімінің меңгерушісі Валишаев Исахмет Жаркенұлы, дәрігер-гинеколог Дана Мырзахметова және дәрігер-уролог Искаков Еркін Қонысұлы кәсіби біліктіліктерімен бөлісті.

Бүгінде науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бөлімшелерде ем қабылдауда. Аурухана білікті дәрігерлердің өз тәжірибесімен бөлісуі үшін мұндай шеберлік сағаттарын алдағы уақытта да ұйымдастыратын болады.