БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХИРУРГ КҮНІ
Хирургия - асқан жауапкершілік пен шыдамдылықты талап ететін медицинаның өте күрделі саласы. Көпбейінді облыстық аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы бастаған ұжымдағы барлық хирург дәрігерлер күн сайын бірнеше отаға қатысады.
Қазір ауруханаға жаңадан күрделі оталар енгізіліп, бүйрек транцплатациясы да жасалуда.
Жыл басынан бері 6523 ота жасалды, олардың 2 856-сы жоспарлы, ал 3667-сі жедел жасалған.
Алтын қолды абзал жандар өздеріне жүктелген жауапкершілік пен сенімді ақтап, еңселі еңбек етіп келеді. Аймақ медицинасының дамуына сүбелі үлес қосуда.
Аурухананың директоры Жасұлан Болатбекұлы бастаған барлық хирург дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өмір мен өлімнің арасында арпалысқа түскен азаматтардың жанын аман алып қалуда аянбай тер төгетін хирург-дәрігерлерімізге қандай құрмет көрсетілсе де лайықты.
Біз дәрігерлерімізді мақтан тұтамыз!