​БАУЫРҒА ОТА ЖАСАДЫ

Көпбейінді облыстық аурухананың директоры Жасұлан Болатбекұлы Баймахановтың қолдауымен 1 қазан күні Рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімінде Астана Ұлттық ғылыми онкология орталығының интервенционды рентгенхирургия бөлімінің жетекшісі Азат Мырзабайұлы Чиналиевтың қатысуымен «Бауыр циррозы». Өңеш варикозды кеңейген веналарынан қан кету» диагнозымен келген науқасқа ота жасалды. Қазіргі таңда науқастың жалпы жағдайы жақсы. Рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлері де қатысып, тәжірибе жинады. Алдағы уақытта осындай диагнозымен келген науқастарға жаңа технологиялармен ота жасау жалғасын таппақ.