​АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ МАҢЫЗДЫ

"Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтажбыз. Сондықтан, менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аудару қажет. Генерацияның бұл түрі біздің экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктерін едәуір қанағаттандыра алады. Қазіргі уақытта дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық АЭС жұмыс істейді. Біз еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ туралы ойлауымыз керек. Сондықтан Мен әрқашан атом электр станциясын салу мәселесі бойынша ойластырылған шешім қабылдау, қоғамда стратегиялық сипаттағы жоспарларды кеңінен талқылау қажеттілігін талап етеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Президент атап өткендей, ел өмірі үшін маңызды әрбір қадамды халықтың қолдауымен жасау қажет. Халқымызда сөз бар ғой, “Шымшық сойса да, қасапшы сойсын” деген. АЭС салу - үлкен тақырып. Ауқымды тақырып төңірегінде бүгін Көпбейінді облыстық ауруханаға келген білікті ғалымдар пікір білдірді. Химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Академигі Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-зерттеуші, техника ғылымдарының кандидаты Тапалова Анипа Сейдалықызы келіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ұжым қызметкерлері сұрақтарын қойып, жауап алды.