АЛАЯҚТА АЙЛА КӨП, АБАЙЛАҢЫЗ!
Адамнан ұят кетсе, ары мазаламасы анық. Оңай олжаға қарық боламын деп тұрғындардың сеніміне кіргендер күн сайын алдап, арбаудың жаңа әдіс-тәсілін табуда.
Халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында бүгін көпбейінді облыстық ауруханаға Қызылорда қалалық полиция департаментінің полиция подполковнигі Қарақбаев Ерлан Ермағамбетұлы, учаскелік полиция инспекторы Насрадин Абат Нұрланұлы келді. Полиция қызметкерлері «Алаяқтықтан сақтану, интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстардың алдын-алу, болдырмау бағытындағы жұмыстар» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жәбірленушінің өз құқықтарын білуі» тақырыбында да түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Абай Құнанбаев «Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, арын сатып тіленген малы құрсын» деп шерін ақтарған. Бүгінгі күні алаяқтармен күресті күшейтіп әрі олар туралы мәліметтерді ашық жариялап, тұрғындардың алданбауына жедел жәрдем керек. Әйтпесе жұрттың тыраштанып тапқан ақшасы арбауды меңгергендердің қалтасына түсе береді. Сақ болыңыздар!