Абылайханұлы Асылхан

Білімі:

Қызылорда гуманитарлық-заң колледжін заңгер мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2008) Құқықтану мамандығы бойынша (Бакалавр), "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтын (2015) экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

2008-2012 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы,

2012-2017 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы,

2017-2019 жылдары арнайы медициналық жабдықтар базасының директоры. 2019-2023 жылдары "Senim" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы " Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы.

2023 жылдың қараша айынан бастап "Көпбейінді облыстық аурухана "ШЖҚ КМК директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.

Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.