БЕЛАРУСЬ МЕМЛЕКЕТІНДЕ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ
Облыс әкімінің қолдауымен, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, Көпбейінді облыстық аурухананың бір топ дәрігерлері «AimaEco» серіктестігінің ұйымдастыруымен Беларусь мемлекеті Минск қаласында біліктілік арттыру оқуына қатысты.
Қалдыбаев Алмат Талғатұлы – анестезиология-реанимация бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Ол Минск қалалық хирургия, транспланталогия және гематология ғылыми-практикалық орталығының клиникалық базасында «Интенсивная терапия критических состоянии» тақырыбы бойынша білімін жетілдірді.
Темирбаев Асқар Жанатұлы – компьютерлік томография және магнитті резонансты томография бөлімшесінің меңгерушісі. Асқар Жанатұлы Минск қалалық хирургия, транспланталогия және гематология ғылыми-практикалық орталығының клиникалық базасында «Лучевая диагностика КТ, МРТ брюшной полости» тақырыбы бойынша тәжірибе алмасты.
Алмухамбетова Құралай Мирамбекқызы – кеңес беру-диагностика бөлімшесінің ультра дыбыстық зерттеу дәрігері. Құралай Мирамбекқызы да аталған клиникада «УЗИ диагностика брюшной полости» тақырыбы бойынша білім алды.
Нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Абдукаликов Алмас Исаұлы - Республикалық неврология және нейрохирургия ғылыми практикалық орталығының базасында «Нейрохирургиядағы жаңа технологиялар» тақырыбы бойынша жаңашылдықтарды меңгерді.
Дәрігерлердің біліктілігін арттыру шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.