Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі

«Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖК КМҚ Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі

«Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес біздің медициналық ұйымда пациенттерге қолдау көрсету қызметі құрылған (ішкі бақылау/аудит қызметі).

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін айқындау дер кезінде қарап шешім қабылдау.

Егер Сізге:

vсапалы медициналық қызмет көрсетілмесе;
vдөрекілік танытса;
vқұқығыңызды бұзған жағдайда;
vтолық мәлімет ала алмасаңыз;
vСіз туралы құпия деректерді бұзған жағдайда;
vшағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ аурухананың ұйымдастыру - әдістемелік бөлімі,2 қабат, 8,9 кабинеттеріне жолығуыңызды өтінеміз. Сіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекен-жайыңыздыткөрсетіп біздің емхананың қабылдау бөлімдеріне, клиникалық бөлімшелерде орналасқанөтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады. Сондай-ақ Сізге біздің сайтымызға mob-kzo.kz/kk «Бас дәрігердің блогы» айдарына және электрондық почтамызға oblmc@mail.ru, oblmc@med.mail.kz жазуыңызға болады.

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің шағымыңызды қарап, оның нәтижесі бойынша Сізге ақпаратты ұсынады.

«Сенім» телефоны 87084408381, қалааралық телефоны 872 42 23 51 50 Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметіне хабарласа аласыз.