ВИЦЕ-МИНИСТР АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдіұлы және “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сауле Мусанқызы аймағымызға іс-сапар барысында Көпбейінді облыстық ауруханаға арнайы келді.

Аурухананың медициналық қызмет көрсету жұмыстарымен және қаржыны мақсатты жұмсалу барысымен танысты. Аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы делегация мүшелеріне аурухананың жаңашылдықтарымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.

Дәрігерлермен пікір алмасып, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жұмысты саралады. Науқастарға медициналық қызмет көрсету барысын жан-жақты талқылады.