​ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Тарихи құжат — қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Ұлттық мереке халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты күн.

Мемлекет дамуы жолындағы еңбектеріңіз елене берсін! Еліміздің егемендігі баянды болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

✍????Жасұлан Баймаханов,

Көпбейінді облыстық аурухана директоры