​​ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Көпбейінді облыстық ауруханада облыстық шеберлік сағаты өтті. Оған аймақтағы барлық медициналық ұйымдардан мамандар қатысты.

Денсаулық сақтау басқармасы Министрліктің «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес органдарын транспланттау бағдарламасы шенберінде ұйымдастырды.

Шеберік сағатта Астана қаласынан арнайы келген білікті мамандар University MEDICAL CENTER ҚҚ, Жүрек Орталығының Кардиоанестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Тулегенов Шаимұрат Тұрбекұлы және медициналық және реттеуші мәселелері жөніндегі департаменнің бас менеджері Сәуле Талғатқызы Шайсұлтанова дәріс оқыды.

Донорлы жане органдарды транспланттау саласындағы нормативтік- құқықтық актілер;

Мидың қайтымсыз өлімі туралы мәлімдеме;Әлеуетті донордың отбасы мүшелерімен байланыс;

Потенциалды донорлы кондиционерлеу

Потенциалды донорлы кондиционерлеу бойынша жарақаттандыруды талдау мақсатында АРҚТБ және инсульт орталықтарына бару.

Аталған тақырыптар кеңінен түсіндіріліп, мамандар сұрақтарына жауап берді.