РЕНТГЕН-ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Заманауи медицинадағы ең тиімді бағыттардың бірі – рентген-эндоваскулярлы хирургия. Бұл әдіс күрделі операцияларды үлкен тіліксіз, аз инвазивті тәсілмен орындауға мүмкіндік береді. Біздің бөлімшеде жүрек-қантамырлары мен бас миы тамырлары ауруларын диагностикалау және емдеудің озық технологиялары қолданылады.
Бөлімше меңгерушісі – Исмаилов Нурлан Токтағанұлы, жоғары санатты дәрігер.
Бөлімшеде Литваның Каунас қаласында қайта даярлау курсынан өткен, сондай-ақ Астана, Алматы, Мәскеу және Стамбул қалаларында біліктілігін жетілдірген интервенциялық кардиолог мамандар қызмет атқарады.
Бөлімшеде келесі зерттеулер мен оталар жүргізіледі:
Коронарография, баллонды ангиопластика және коронарлық тамырларды стенттеу;
Ангиография, флебография, перифериялық тамырларды баллонды ангиопластика жасау және стенттеу;
Туа біткен жүрек ақауларын окклюдермен жабу;
Жүрек қуыстарын зондтау және вентрикулография;
Бауыр, бүйрек, жатыр және асқазан артерияларын эмболизациялау;
Ұйқы, омыртқа және бұғана асты тамырларын стенттеу;
Бас миы артериялары аневризмаларын эмболизациялау;
Бас миының артериовеноздық мальформацияларын (АВМ) эмболизациялау;
ЭКС, CRT-D және ИКД құрылғыларын имплантациялау.
Бөлімшенің басты мақсаты – әрбір науқасқа жоғары технологиялық, қауіпсіз және сапалы медициналық көмек көрсету. Тәжірибелі мамандар мен заманауи жабдықтардың арқасында көптеген күрделі ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік алып, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға үлес қосуда.







