ПОЗДРАВИЛИ ВЕТЕРАНА ТЫЛА С ПРАЗДНИКОМ
Аурухана директоры Жасұлан Баймаханов және аурухананың бас хирургі Абдулла Шүленбаев соғыс жылдарындағы көрген бейнеті мен ерен еңбегі үшін алғыс білдіріп, қарияға ұжымның атынан құрмет білдірді.
Тыл ардагері Қалиева Назира 1928 жылы 6 маусымда Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округінде дүниеге келген. 1941 жылы 13 жасында мектеп оқып жүріп-ақ масақ теріп, канал қазып еңбекке ерте араласқан. Ағасы жиырма жасында соғысқа кетіп, қайта оралмаған. Қазақтың қайсар қызы анасы мен әпкесімен бірге соғысқа киім тоқып, егін егіп көмектескен. Тыл ардагері бірнеше мәрте
Жеңістің мерейтойлық медальмен наградтталған.
Қария үй жағдайында құлап жамбас сүйегін жарақаттап алған. Травматология бөлім меңгерушісі Айдос Сапаров ота жасады. Қазіргі жағдайы жақсы. Өзі жүріп, құттықтап келген дәргерлерге ақ батасын берді.