​ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГ — ОЗЫҚ МАМАН

29 қыркүйек – Дүниежүзілік оториноларинголог күні

ЛОР мамандар — адамның қалыпты өмірі үшін қажет ең маңызды ағзалар – құлақ, мұрын, тамақтың саулығын қамтамасыз етеді.

ЛОР патологиялары, кез-келген басқа аурулар сияқты, ауыр диагноз қоюды және сауатты емдеуді қажет етеді. Дұрыс емдеуді тек өз ісінің маманы ғана кешенді тексеруден кейін тағайындай алады. Жедел және жоспары оталар жасап, науқастың сауығып кетуіне себепкерлер. Көпбейінді облыстық ауруханада бұл қызметті білікті мамандар атқарып келеді.

Ауруханамызда табан аудармай қызмет етіп келе жатқан білікті дәрігерлеріміз Бисенов Ербол Серікұлын, Измағамбетов Құламерген Асылбекұлы мен аға буынның ізін жалғаған жас кадр Өтеген Елжас Маратұлын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!!! Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз!