ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ - АНЫҚТАМАЛЫҚ ЗЕРТХАНА

15 сәуір – Халықаралық зертханалық диагностика мамандарының күні

Бұл күн зертханалық диагностика саласында қызмет ететін мамандардың еңбегін тану және бағалау мақсатында атап өтіледі.

Көпбейінді облыстық ауруханада орталықтандырылған клиникалық- анықтамалық зертхана бар. Онда білікті мамандар науқастардың жағдайын бағалау үшін қажетті талдауларды жүргізіп, дәл және сапалы нәтижелер ұсынады. Олардың жұмысы көзге көрінбегенімен, медициналық шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқарады.

Жоғары санатты мамандар қызмет етеді. 1 дәрігер, 3 маман, 24 лаборант жемісті еңбек етуде. Бөлімше меңгерушісі — Даутбаева Алтынай Кенесқызы. Олар сирек кездесетін және бірегей сынақтарды жүргізіп, талдау нәтижелерінің дәлдігі мен жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Бұл кәсіби мереке – олардың қажырлы еңбегін мойындау және олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөлін атап өту мүмкіндігі. Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Қызметтеріне табыс, шаңырақтарына шаттық тілейміз!